Абай облысында өрттен қаза тапқан орманшыларды туыстары ақтық сапарға шығарып салуда

Марқұмдардың арттарында балалары қалды. 

Абай облысында өрттен қаза тапқан орманшыларды туыстары ақтық сапарға шығарып салуда Фото: ҚР ТЖМ

Абай облысында алапат өрт ортасында қалып, қаза тапқан 14 орманшыны туған-туыстары ақтық сапарға шығарып салуда.

12 маусым 51 жастағы Саят Нұржігітовтың денесі жер қойнына тапсырылды.

Ол осы салада 30 жыл еңбек еткен. Марқұмның артында үш баласы қалды.

Қызмет бабында жүріп қаза тапқан инспектормен қоштасуға ауылдастары мен әріптестері жиналды.

Мейрамгүл Жиенбаева өзге әріптестерімен бірге орманға барған. Марқұмның артында 15 жастағы ұлы мен 5 жастағы қызы қалды.

Өртте қайтыс болған орманшылардың жетеуі - Успенка ауылының тұрғындары. Қайғыдан қара жамылған халық бүгін әкелі-балалы Сидориндерді ақтық сапарға шығарып салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу