Абай облысында өзен ортасындағы аралда қалып қойған адамдар құтқарылды

636

Оқиға Ажа ауылындағы Көкпекті өзенінде орын алған.  

Абай облысында өзен ортасындағы аралда қалып қойған адамдар құтқарылды Фото: Абай облысы ТЖД

Абай облысында құтқарушылар өзеннен өте алмай, аралда қалып қойған адамды құтқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 мамыр күні 14: 30-да 112 пультіне Көкпекті ауданындағы Ажа ауылы ескі Буденный учаскесіндегі Көкпекті өзенінен өтіп бара жатып, екі адам аралда қалып, құтқарушылардың көмегі қажет екендігі туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына құтқарушылар мен техника жіберілген.

Құтқарушылар келгеннен кейін 1992 жылы туған ер адам, өзеннен атпен жүзіп өтіп, ағысты жеңе алмай өзен аралында қалғаны анықталды.

15-ӨСБ қызметкерлері резеңке қайықтың көмегімен ер адамды жағаға, қауіпсіз жерге эвакуациялады. Жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес.

Құтқарушылар келгенге дейін екінші адам өз бетімен жағаға шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу