Абай облысында пойызда төбелескен азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

83

Ол вахтаға бара жатқан жолда танысының бетінен бірнеше рет ұрған.  

Абай облысында пойызда төбелескен азамат қоғамдық жұмысқа тартылды Фото: rail-news.kz

Осылайша 38 жастағы ер адам 90 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сот шешімімен азамат Аягөз аудандық пробация қызметінің есебіне алынды. Қызмет өкілдері оған жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын түсіндіріп, жазадан жалтарған жағдайда жауапкершілік қарастырылатынын ескертті.

Сотталған ер адам ажырасқан, кәмелетке толмаған бір ұлы бар. Қазіргі уақытта ата-анасымен бірге тұрады. Ол Аягөз қаласындағы коммуналдық кәсіпорындардың біріне қоғамдық жұмысқа орналастырылып, еңбек тәртібін сақтап жүр.

Пробация қызметі мұндай шаралар тек сот үкімін орындау үшін ғана емес, қайталама құқық бұзушылықтың алдын алу үшін де қажет екенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу