Абай облысында полиция жолда қалған автобус жолаушыларына көмектесті

268

Автобуста 31 жолаушы, оның ішінде 4 бала бар.  

Абай облысында полиция жолда қалған автобус жолаушыларына көмектесті Фото: polisia.kz

18 қаңтар күні шамамен 21:40-та Омбы – Майқапшағай автожолында Астана – Зайсан бағытымен келе жатқан Setra маркалы рейстік автобусы жол үстінде істен шыққан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

6 жолаушы жолда көлік тоқтатып, өз бетінше сапарын жалғастырды. Қалған азаматтар аязда тасжолда қалып қалған.

Оқиға орнына жедел түрде М-84 патрульдік экипажы келді. Н.Берлешов және Н.Алиев тек қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, эвакуация толық аяқталғанға дейін жолаушылармен бірге болып, жағдайды бақылауда ұстап, азаматтарға қажетті көмекті көрсетті.

Бір сағат ішінде құтқарушылардың техникасы жетіп, 25 жолаушы эвакуацияланды. Алайда оқиға мұнымен тәмам болған жоқ. Бекетте полиция қызметкерлері жүк-жабдықтарды тасуға көмектесіп, азаматтарды сүйемелдеп, Бесқарағай ауылындағы колледжге дейін жеткізді. Онда жолаушылар жылынып, қауіпсіз жағдайда әрі қарайғы шешімдерді күте алды.

Полиция қысқы кезеңде жолға шыққан азаматтарды сақ болуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу