Абай облысында пошта жөнелтілімдері қызметтік иттердің көмегімен тексерілді

92

Өңірде пошта бөлімшелерінде арнайы рейдтік іс-шара өткізілді.  

Абай облысында пошта жөнелтілімдері қызметтік иттердің көмегімен тексерілді Фото: polisia.kz

Шара барысында қызметтік-іздестіру иттері мен кинолог мамандар пошта арқылы жөнелтілетін сәлемдемелерді тексеріп, тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына кешенді бақылау жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Басты мақсат – пошта және курьерлік қызметтерді пайдалану арқылы есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын жасырын түрде тасымалдау әрекеттерінің алдын алу.

Рейдтік іс-шараға қатысқан есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен кинологтар арнайы үйретілген қызметтік иттердің көмегімен күдік тудыратын жөнелтілімдерді мұқият тексеріп, есірткі заттарының иісін анықтауға бағытталған жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Қызметтік иттер қысқа уақыт ішінде үлкен көлемдегі сәлемдемелерді тексеруге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде құқыққа қарсы әрекеттерді дер кезінде анықтауға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу