Абай облысында прокуратура базар иелеріне қойылған заңсыз талаптардың күшін жойды

107

Мақаншы ауданының прокуратурасы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактісін анықтады.

Абай облысында прокуратура базар иелеріне қойылған заңсыз талаптардың күшін жойды Фото: canva

Анықталғандай, аудан әкімдігінің "Мақаншы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" қаулысымен базар иелеріне сауда объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін өтеусіз негізде беру міндеті негізсіз жүктелген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған талаптар кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында қосымша негізсіз міндеттемелер туындатқан.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде әкімдіктің заңсыз қаулысының күші жойылып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.

Сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласқаны үшін нормативтік құқықтық актіні әзірлеген кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Абай облысының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілерді жою және мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуына жол бермеу бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу