Абай облысында республикалық тасжолды су басып қалды

270

Жол бойындағы судың ені 300 метр, биіктігі шамамен 5-10 сантиметр. 

Абай облысында республикалық тасжолды су басып қалды Фото: видео скриншот

Абай облысында автокөлік жолын қар суы басып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде көше бойымен тасқын судың жолды кесіп, ағып жатқаны көрсетілген видео тарады. Кадрдан ішіне су толған шұңқырға кептеліп қалған көліктерді көруге болады. Су ағып жатқан жолдан тек жүк көліктер өте алады. Жол қызметінің қызметкерлері де төтенше жағдай орнында жүргенге ұқсайды. 

Видео 26 наурызда сағат 12:00 шамасында Қалбатау-Майқапшағай тас жолының айналма учаскесінде түсірілгені анықталды. Мұны "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ растады.

"Қалбатау-Майқапшағай тас жолының 1133 шақырымында "айналма жолдың" қысқартылған учаскесі еріген қар суының пайда болуына байланысты су астында қалды. Жол бойындағы судың ені 300 метр, биіктігі шамамен 5-10 сантиметр. Еріген суды бөгеу және қосымша металл құбырларды орнату мақсатында айналма жол бойындағы білікті нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді. Мәселені жою үшін 10 жол қызметкері мен 8 арнайы техника жедел тартылды", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".

Сондай-ақ, ведомство жолдың судан тазартылғанын мәлімдеп, көпірдің салынуына байланысты негізгі жолдың қозғалысы уақытша тоқтатылғанын түсіндірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу