Абай облысының Бородулиха ауданында орналасқан Орлов өндірістік кешенінің шахтасында тау жынысы опырылып, қайғылы жағдай тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құтқару жұмыстары барысында олардың бірі оқиға орнында көз жұмғаны анықталды.
Екінші жұмысшы аман табылып, дәрігерлерге жеткізілді. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу