Абай облысында шенеунік жауапқа тартылды

542

Прокуратура облыс әкімдігіне ұсыныс енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абай облысында шенеунік жауапқа тартылды Фото: gov.kz

Абай облысында басқарма басшының міндетін атқарушы "Прокуратура туралы" Конституциялық заңды бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы 2022-2023 жылдар аралығында битумды сату кезінде монополияға қарсы, салықтық және салалық заңнаманың сақталуына Абай облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметіне тексеру жүргізді.

Кәсіпкерлердің жеңілдікпен битум алуға өтініштерін қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау, битумды біркелкі бөлуді қамтамасыз ету бойынша шешімдер қабылдау кезінде бұзушылықтар анықталды.

"Осы факті бойынша прокуратура облыс әкімдігіне ұсыныс енгізді. Алайда, басқарма басшысының міндетін атқарушы заңдылықтың бұзылуын жою бойынша барлық қарастырылған шараларды қолданбаған, сонымен қатар қадағалау актісін қарау мерзімін бұзған", – делінген прокуратура хабарламасында.

Осыған байланысты ол прокурордың ұсынысы бойынша шара қолданбағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 664-бабы бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу