Абай облысында сібір жарасы расталмады

Бұған дейін Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылының тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікке ілінді. Соған байланысты ауылда төтенше жағдай жарияланған.  

Абай облысында сібір жарасы расталмады Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай облысында Жетіжар ауылының тұрғынында сібір жарасы ауруы расталмады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Сібір жарасы анықталған жоқ: нәтижесі теріс. Қазіргі уақытта Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылының тұрғыны ем қабылдауын жалғастыруда. Науқастың жағдайы жақсарып келеді, дене қызуы қалыпты", - деп жазылған хабарламада.

Әкімдіктегілер ауылдағы барлық малға күнделікті клиникалық тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

 "Қазіргі уақытта індетке шалдыққан мал басы анықталған жоқ", - деп жазылған хабарламада.

 20 қыркүйекте Жетіжар ауылында сібір жарасы бойынша төтенше жағдай жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу