Абай облысында су деңгейі көтеріліп тағы бір көпір опырылып түсті

606

Семей - Ақсуат бағытындағы келе жатқан 20-ға жуық көлік тоқтатылды. 

Абай облысында су деңгейі көтеріліп тағы бір көпір опырылып түсті Фото: видео скриншот

Абай облысы Ақсуат ауданында Боғас өзенінің деңгейі көтерілуіне байланысты Кіндікті ауылына апаратын көпірдің жол төсемі опырылып, айналма жолдың барлығын су басты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кіндікті ауылында 662 тұрғын, 147 үй бар. Ауыл тұрғындарына қажет тұрмыстық заттар мен дәрі-дәрмектер жеткізіліп жатыр. 

Жергілікті атқарушы органдар су қайтқаннан кейін тасжолға инертті материал толтыру жұмыстары қолға алынатынын жеткізді.

"Ақсуат - Кіндікті тасжолындағы 4 метрлік көпір құрылысын су шайып кетті. Су тасқыны жағдайын бақылап, жедел ден қою мақсатында Ақсуат ауданына Төтенше жағдай департаментінің жеке құрамының 21 адамы, 3 техникасы, 2 қайық және 4 мотор сорғысы жұмылдырылып жатыр", - деді Ақсуат аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Р.Сайлаубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу