Абай облысында су тасқыны қаупі бар аумақтарға әуеден тексеру жүргізілді

90

Қорытындыға сәйкес өңірдегі гидрологиялық ахуал тұрақты. 

Абай облысында су тасқыны қаупі бар аумақтарға әуеден тексеру жүргізілді Фото: gov.kz

Облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов жетекшілік ететін жұмыс тобы – Төтенше жағдайлар департаментінің, Ертіс бассейндік су инспекциясы және "Қазгидромет" өкілдері Ертіс пен Үбі өзендерінің арналары, қар қорының көлемі және су шаруашылығы нысандарының техникалық жай-күйін бағалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шүлбі су электр станциясы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу және тартылған барлық қызметтердің өзара іс-қимылын тиімді үйлестіру мақсатында қосымша алдын алу шаралары айқындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу