Абай облысында суға түсетін 10 учаске белгіленді

618

20 учаскеде суға түсуге тыйым салынған.  

Абай облысында суға түсетін 10 учаске белгіленді Фото: Абай облысының әкімдігі

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Дәурен Ағажаев айтты, деп хабарлайды 

"2022 жылы аймақтағы су айдындарына 20 адам суға батып кетті. Оның төртеуі – бала. Ең көп өлім-жітім Ертіс өзенінде (12 адам), қалғаны табиғи су қоймаларында (Шүлбі су қоймасы – 2 адам, Шар өзені – 1 адам, Алакөл – 4 адам, Арасан көлі – 1 адам) тіркелді. Адамдар мас күйде, рұқсат етілмеген жерлерде суға түсетіндіктен, шомылуды білмегендіктен осындай қайғылы жағдайға душар болады", - дейді Дәурен Ағажаев.

Рұқсат етілген  аймақтарда волонтерлер мен полиция қызметкерлері рейд жүргізеді. 

"Суға түсу маусымы басталмас бұрын жағажайлардың тереңдігіне шолу жасау, арнайы қалқымалар, ескерту белгілерін, үгіт-насихат стендтерін қою, сондай-ақ құтқарушыларды оқыту жоспарлануда. Бүгінгі таңда қалалар мен аудандардың әкімдіктері 4 коммуналдық жағажай салуды жоспарлап отыр. Қазір өңірде тек Алакөлде ғана коммуналдық жағажай бар. Биыл Семейде "Заря" және Пристань аудандарында, Курчатовта "Маяк" қонақүйінің маңында және келесі жылы Көкпекті ауданында коммуналдық жағажай ашу ойда бар", - дейді басқарма басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу