Абай облысының Тарбағатай ауданында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құрғақ шөп пен бұталар таулы, жетуі қиын ашық аумақта өртеніп жатыр. Жер бедерінің күрделілігі мен кейбір учаскелердің қолжетімсіздігі өртті сөндіру жұмыстарын қиындатуда.
Өртпен күреске Төтенше жағдайлар министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да қызметтердің 450-ге жуық қызметкері және 105-тен астам техникасы жұмылдырылған.
Өртті әуеден барлау және сөндіру үшін ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" қызметі мен ҰҚК Шекара қызметінің екі әуе кемесі тартылды. Авиация 22 рет су төгіп, жалпы 59 тонна су пайдаланған.
Қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.