Абай облысында тағы бір ауыл ішімдіктен мүлдем бас тартты

149

Бородулиха ауданына қарасты Зубаир ауылының тұрғындары маңызды қадамға барды.  

Абай облысында тағы бір ауыл ішімдіктен мүлдем бас тартты Фото: polisia.kz

400-ден астам тұрғыны бар бұл шағын ауылдың халқы ерікті түрде алкогольден толық бас тарту жөнінде шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл бастама ауылдың өз тұрғындарының бастамасымен болды. Ауыл мектебінің ғимаратында әкімдік пен полицияның қолдауымен ашық жиын өтті. Жиынға аудан әкімі, полиция бөлімінің орынбасары, белсенділер, ұстаздар, ауыл жастары мен ақсақалдар қатысты.

"Жыл сайын халық саны азайып барады, жастар ауылдан кетуде. Егер бүгін қам жасамасақ – ертең бұл жерді, бұл дәстүрді, бұл тіршілікті мұра ететін ешкім қалмайды", – деді бастама көтерушілердің бірі.

Ауыл халқы бірауыздан алкогольден бас тарту туралы шешім қабылдады. Осы күннен бастап ауыл дүкендерінде алкогольдік өнімдер сатылмайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу