Абай облысында тағы да орман өртенді

228

7 гектар аумақта қызыл жалын оқшауланды. 

Абай облысында тағы да орман өртенді Фото: ҚР ТЖМ

Абай ауданындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватынан тағы да өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 1 тамызда "Семей орманы" GLPR операторынан Бесқарағай ауданында Дөңгөлек орман жабындысы бар аймақтағы орманды алқапта егіннің өртенді.

“Өрт шыққан жерге орман шаруашылығынан, облыстық ТЖД 60 адам, 25 бірлік техника және 2 пилотсыз ұшу аппараты, "Казавиаорманқорғау" АҚ "МИ-2" тікұшағы жұмылдырылды. Қазавиақұтқару "МИ-8" тікұшағмен облыс әкімдігі, ТЖД басшылығы аэровизуалды тексеру жүргізді”, – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, Абай облысында ыстық және құрғақ ауа райы сақталып отыр, ормандардың өрт қауіпсіздігі мониторингі облыстық ТЖД ерекше бақылауында.

Жаңа алгоритмнің, жерүсті күштері мен құралдарынының жедел әрекетінің, сондай-ақ әуе патрульдерін жүргізудің арқасында өрт 7 гектар аумақта оқшауланып, түгелдей сөндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу