Абай облысында төрт баласы қайтыс болған отбасыға қандай көмек көрсетілді?

Желтоқсан айында Өскемен қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі. 

Абай облысында төрт баласы қайтыс болған отбасыға қандай көмек көрсетілді? Фото: freepik

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сауалдарына жауап берген аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев өрт кезінде төрт баласынан айырылған отбасына қандай көмек көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Аталған отбасыға барлық қажетті көмек көрсетілді. Қазір олар уақытша екі бөлмелі пәтермен қамтамасыз етілді. Үй тұрмыстық техникамен және жиһаздармен толықтай жабдықталған. Желтоқсан айында оларға Өскемен қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі. Өйткені, отбасы сонда тіркелген. Біз олармен байланыстамыз және барлық қажетті көмек көрсетеміз", - деді облыс әкімі Абай Нұрлан Ұранхаев.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 25 қазан күні сағат 11:00 шамасында Аягөз қаласында болған. Жеке тұрғын үй өртеніп, қайғылы оқиға салдарынан бір отбасының төрт баласы көз жұмды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу