Абай облысында үшемдердің отбасына пәтер табысталды

604

Абай аймағы жаңадан құрылғалы бері дүниеге келген алғашқы үшемнің отбасына Семей қаласынан баспана берілді. 

Абай облысында үшемдердің отбасына пәтер табысталды Фото: Абай облысының әкімдігі

Облыс әкімдігі үшемді қосқанда 8 балалы болған жас отбасын құттықтап, 3 бөлмелі пәтер сыйға тарту етті.

Жас отбасы осы уақытқа дейін Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында пәтер жалдап тұрған. Үшем дүниеге келмес бұрын Амангелді және Аида 5 баласын тәрбиелеп келген. Олар облыс орталығынан баспаналы болғанына риясыз қуанышты екенін жеткізді.

"Қуанышымызда шек жоқ. Облыс әкіміне алғыс білдіреміз. Осыдан бірер апта бұрын өзіміздің өтінішімізді айтқан едік. Көп ұзамай міне 3 бөлмелі пәтерге ие болып отырмыз. Кішкене бөбектеріміз үшін бұл үлкен қуаныш. Еліміз, облысымыз дами берсін. Шексіз алғыс айтамыз", – деді көпбалалы отбасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу