Абай облысында үздік логотип пен брендбук таңдалды

757

Сараптама комиссиясы облыстың үздік логотипі мен брендбукіне арналған конкурсты қорытындылады.    

Абай облысында үздік логотип пен брендбук таңдалды Фото: ortcom.kz

Оның құрамында қоғам, өнер, БАҚ және Қазақстан Суретшілер одағының өкілдері бар. Дауыс беру нәтижелері бойынша "Семей коркем" жарнама агенттігінің жұмысы үздік деп танылды, деп жазады inbsusiness.kz ortcom.kz-ке сілтеме жасап. 

Жұмыстың негізгі идеясы – нақты негізделген геометриялық сызықтары бар стильді және заманауи логотип. Жазу атрибуттарын қолдана отырып, білім мен мәдени ағартушылыққа баса назар аударылды. Міндеттердің бірі – ұлы Абайдың Отанын ағарту мәдениеті тұрғысынан көрсету. Бірегей түс схемасы аймақтың табиғи ландшафтынан алынған.

Екінші және үшінші орын – "Артекс" компаниясы мен жеке тұлға Ш.Ақановтың иелігінде. "Артекс" компаниясының нұсқасында стильдендірілген А және О әріптері Абай облысының аббревиатурасын білдіреді. Ш. Ақановтың жұмысында басты идея – Семей қаласы, Алашорданың астанасы, әйгілі аспалы көпір – облыс сәулет өнерінің маржаны.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу