Абай облысында заңсыз балық тасымалдаған тұрғын ұсталды

519

Ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. 

Абай облысында заңсыз балық тасымалдаған тұрғын ұсталды Фото: polisia.kz

Абай облысында тиісті рұқсат құжатынсыз 30 келіден астам балықты тасымалдаған 60 жастағы тұрғын ұсталды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 17 қаңтар күні болған. Тәртіп сақшылары Омбы – Майқапшағай республикалық трассасын патрульдеу кезінде 790 км қашықтықта ВАЗ автокөлігін тоқтатты.

Көліктің жүк салғышынан қап пен 2 қап балық (табан, мөңке, көксерке) табылды. Бұдан бөлек Семей қаласының тұрғынында балық тасымалдауға тиісті рұқсат құжаттары болмағаны анықталды.

"Аталған азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 383-бабының 1-бөлігі бойынша (Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген ІІМ таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу