Абай облысында зардап шеккендерге еріктілер көмек беріп жатыр

624

Абай облысының Ақсуат ауданында екі елдімекен тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.  

Абай облысында зардап шеккендерге еріктілер көмек беріп жатыр Фото: gov.kz

Кіндікті ауылынан Ақсуат ауылына 25 адам, оның ішінде 4 бала жеткізілді. Жолын су шайып қатынас үзілген Кіндікті тұрғындарына МИ-8 тікұшағымен азық-түлік, дәрі-дәрмек тасымалданды, деп жазады inbusiness.kz.

Аягөз ауданында өзеніндегі су деңгейі 365 сантиметрге дейін көтерілген. Сондықтан Аягөз қаласының шет жағындағы 43 жеке тұрғын үйден 172 адам түнделетіп мектеп-интернат пен жасөсіпірімдер спорт мектебіне эвакуацияланды. Төтенше жағдай қызметінің мамандары да үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Халыққа волонтерлар мен жастар қажет азық-түлікті қайықпен жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу