"Ауыл – ел бесігі" ұлттық жобасы аясында Үржар ауданы Мақаншы ауылында 140 орындық жаңа балабақшаның құрылысы басталды. Балабақшада 6 топ оқи алады: кіші және орта жастағы балаларға арналған 2 топ, әрқайсысының сыйымдылығы 22 орын, үлкен балаларға арналған 2 топ әрқайсысының сыйымдылығы 24 орынды.
- Балабақшаның жалпы көлемі 57,1 х 15, 2 метр. Бұл жоба ауыл балаларына сапалы білім беруге қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді.
Мақаншы ауылы аудан орталығынан 41 км жерде орналасқан. Ауылда 12 892 адам тұрады. Ауылдық округте жалпы саны 1 жекеменшік, 2 мектеп ішіндегі балабақша жұмыс істейді. Қазіргі таңда елді мекенде 2-6 жас аралығындағы 458 бала балабақша кезегінде тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу