Абай облысында жарысқа бара жатқан спортшылар эвакуацияланды

Олардың көлігі бұзылып, жолда қалған. 

Абай облысында жарысқа бара жатқан спортшылар эвакуацияланды Фото: gov.kz

Бұл туралы Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

"Биылғы жылдың 12 қаңтарында "112" пультіне Өскемен-Алматы тас жолының 25 шақырымында Аягөзге жетпей эвакуациялауды қажет ететін ішінде 19 спортшысы бірге "Газель" маркалы автокөлігінің сынғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына №13 өрт сөндіру бөлімінен 1 "ВАХТА" жоғары өтімді техникасымен жеке құрамның 4 адамы дереу жолға шықты. Оқиға орнына келгеннен кейін Аягөз қаласының №13 ӨСБ қызметкерлері жалпы саны 22 адам, оның ішінде 12 бала бар 1 Газель мен 3 жеңіл автокөлікті эвакуациялады", – деп хабарлады ТЖД.

Медициналық көмек қажет болған жоқ. Кейін құтқарушылар спортшыларды Аягөз қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне орналастырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу