Абай облысында жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Ережесі бекітілді

584

Абай облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, қағидалардың күші мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй аумақтарында, сондай-ақ саяжай учаскелерінде өсетін жасыл екпелерге қолданылмайды. 

Абай облысында жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Ережесі бекітілді Фото: google.com

Ережені қабылдаудағы негізгі  мақсат: экологиялық тепе-теңдікті сақтау;оңтайлы температуралық режимді, оның ішінде жазғы кезеңде сақтау; ауа ылғалдылығын сақтау; ластанған ауаның адсорбциясы (пайдаланылған газдар); белгілі бір аумақта ластануды және теріс әсердің басқа да нысандарын сіңіру, тазарту, өзге де жою; сәндік-эстетикалық, сондай-ақ қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру, деп жазады Inbusiness.kz Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

“Қағидалар меншік нысанына қарамастан Абай облысының аумағында жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау саласындағы қатынастарды айқындайды және реттейді. Абай облысының аумағында жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады”, делінген ақпаратта.

Ереже ҚР Азаматтық кодексіне, ҚР Жер кодексіне, ҚР Экологиялық Кодексіне, ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, ҚР "ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "жасыл желектерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу