Абай облысында жергілікті билік балаларды тамақтандыруға арналған қаражатты үнемдеген

114

Бородулиха ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңнаманың сақталуын талдау барысында заңбұзушылықтарды анықтады.   

Абай облысында жергілікті билік балаларды тамақтандыруға арналған қаражатты үнемдеген Фото: smartnews.kz

Әсіресе, әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларға тегін тамақтандыруды қамтамасыз етуге қатысты істе қаржыны үнемдеу ісі әшкереленді.

Н.Островский атындағы орта мектепте 234 аз қамтылған отбасы балаларына арналған ыстық тамақтың құны 70 теңгеге негізсіз төмендетілгені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Білім басқармасы белгілеген норма бойынша, 1 баланың ыстық тамағына күніне 660 теңге болуы тиіс.

Осыған ұқсас бұзушылық Бородулиха колледжінде анықталды, онда 167 студент оқиды. Оның ішінде 75 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

Аудан прокуратурасының наразылықтарынан кейін заңсыз сатып алулар жойылып, жаңа талаптарға сәйкес мемлекеттік сатып алуларға байқау жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу