Абай облысында жоқ қантты 1 млн теңгеге сатқан алаяқ әйел ұсталды

866

Күдікті тұрғындарға қантты нарықтық бағадан әлдеқайда арзанырақ "сатпақшы" болған.

Абай облысында жоқ қантты 1 млн теңгеге сатқан алаяқ әйел ұсталды Фото: google.com

"18 шілде күні Семей қаласы ПБ “102” жедел арнасына 36 жастағы облыс орталығының тұрғыны қоңырау шалып, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлады. Жәбірленуші 3 шілдеде базардың маңында белгісіз әйел жақындап оған қант сатып алуды ұсынған. Тауардың төмен құнын естіген жәбірленуші мобильді қосымша арқылы ойланбастан күдіктінің шотына 563 мың теңге аударған. Осыған ұқсас арызбен жүгініп тағы сегіз жергілікті тұрғын келген", делінген хабарламада.

Жалпы шығын құны 981 мың теңгеден асқан.

"Барлық деректер ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Оның басқа қылмыстарға қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр", деді облыс ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу