Абай облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

148

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 19 ақпан күні сағат 15:25 шамасында тіркелген.   

Абай облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты Фото: бейнежазбадан

Абай облысында екі жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан төрт адам мерт болды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алдын ала дерекке сәйкес, Омбы–Майқапшағай автожолының 867-шақырымында, Салқын-Төбе ауылының маңында Lada Priora мен Chevrolet Cobalt көліктері бетпе-бет соқтығысқан.

Апат салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмып, тағы үш адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу