Абай облысында жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

919

Оқиға 18 қазанда республикалық маңызы бар "Омбы-Майқапшағай" тасжолында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Абай облысында жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды Фото: ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Үш көлік соқтығысып, салдарынан 3 адам қаза болды. Оның ішінде Семей қаласының полиция аға сержанты Асхат Ахатов бар.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық мән-жай анықталып жатыр.

"Полиция департаменті марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Еске салсақ, көз жұмған полицей биылғы наурыз айында қылмыскерден пышақ жарақатын алып, қызды батылдықпен құтқарып қалған", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу