Абай облысында жылқы ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ қамауға алынды

185

Цифрлық чиптеудің тергеу кезінде мал иесін қиындықсыз анықтауға көмегі тиген. 

Абай облысында жылқы ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ қамауға алынды Фото: maltabu.kz

Абай облысында полицейлер екі адамнан тұратын қылмыстық топты қолға түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалбатау – Семей тас жолында автокөліктерді тексеру барысында Жарма ауданы тұрғынының көлігі тоқтатылды. Ол ет тасымалдамақ болған. 

Цифрлық чиптеудің тергеу кезінде мал иесін қиындықсыз анықтауға көмегі тиген. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар аймақ тұрғындарына тиесілі 26 жылқыны ұрлады деген күдікке ілінді. 

Мал ұрлығына жол бермеу үшін ІІМ төмендегі қауіпсіздік нормаларын сақтауды ұсынады: 

– малды қараусыз қалдырмаңыз;

– GPS-трекерлерді орнату арқылы асыл тұқымды малды бақылаудың заманауи әдістерін қолданыңыз;

– малды чиптеуді ұмытпаңыз, бұл болашақта ұрланған малды іздеуге, сондай-ақ ықтимал дауларды шешуге көмектеседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу