Абай облысындағы 127 ауыл мектебі Starlink интернетіне қосылды

272

Мемлекет пен қайырымдылық қорларының қолдауымен тірек мектептер жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Абай облысындағы 127 ауыл мектебі Starlink интернетіне қосылды Фото: technoguide.com.ua

Абай облысында мектептердің 75 пайызы ауылдарда орналасқан.  Олардың ішінде 127 мектеп Илон Масктың Starlink интернетіне қосылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінде облыстағы білім ордаларының 7-і тірек мектепке айналды. Бұл мектептерге қомақты қаржы бөлініп, материалдық-техникалық база жаңартылды. Атап айтқанда, STEM, технология, физика, химия, информатика, биология құралдарымен қамтылған арнайы кабинеттер, зертханалар мен спорттық инвентарьлар, интерактивті панельдермен жабдықталды.

– Қазандықтарды ауыстыру, сумен жабдықтауды жақсарту, интернет жылдамдығын арттыру сынды инфрақұрылымдық жұмыстар атқарылды. Облыстың шалғайындағы 127 мектепке "Starlink" спутниктік интернеті қосылды. Бұл педагогтер мен оқушыларды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, – дейді білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев.

Ауыл педагогтерімен жұмыс жобалау кеңсесі және әдістемелік қолдау арқылы жүргізіледі. 22 әдіскер-ментор арнайы оқытудан өтті. Педагогтерге кеңес беру үшін call-орталық та құрылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу