Абай облысының Ақсуат ауданында төтенше жағдай жарияланды

580

Аудандық жедел штабтың кезекті отырысы өтті. 

Абай облысының Ақсуат ауданында төтенше жағдай жарияланды Фото: Абай облысы әкімдігі

Абай облысы Ақсуат ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақсуат аудандық жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында тасқын су салдарынан келген залалды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімінің шешімімен "Азаматтық қорғау туралы" ҚР Заңының 48-бабына және 50-бабына сәйкес жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады.

"Отырыста қарғын су салдарынан жол қатынасы үзілген ауылдарды қажетті деңгейде азық-түлікпен, басқа да күнделікті тіршілікке қажеттіліктермен қамту мәселесі пысықталып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді", - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу