Абай облысындағы Алакөл жағалауында былтырғы туристік маусым кезінде электр желісі 33 рет өшіп қалған. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қарағанды, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарындағы курорттық аймақтарда сумен қамтамасыз ету және орталықтандырылған кәріз жүйесі мәселелері әлі де шешілмеген. Суды, соның ішінде ұңғымаларды пайдалану мәселесіне арнайы назар аудару қажет", – деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.
Айта кету керек, бұған дейін Бектенов "Kazakh Tourism" жаңа басшысына талап қойғанын жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу