Абай облысындағы апатқа бірге қайғырамыз - PTC Holding

434

Бүгін PTC Holding Абай облысының орман өртінен зардап шеккендер көмек қорына 50 млн теңге аударды.

Абай облысындағы апатқа бірге қайғырамыз - PTC Holding Фото: ҚР ТЖМ

Компания қаза тапқандардың отбасыларына және қайғылы оқиғаның құрбаны болғандарға көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біздің компания осындай үлкен қайғылы оқиғада көмек қолын созбай қала алмайды. Компания жақындарынан айрылғандардың қайғысына ортақтасып, бірге қайғырады. Қайтыс болғандардың  орнын толтыру мүмкін емес. Алайда қолдау мен жылы сөздер қазір маңызды деп ойлаймыз", - делінген PTC Holding хабарламасында. 

Компания Абай облысы тұрғындары барлық ауыртпалықтарды жеңіп шығатынына сенімділік танытып, облыс тұрғындарына амандық пен қалыпты өмірге тезірек оралуды тілейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу