Абай облысындағы автожолда 5 адам құтқарылды

393

Құтқарушылар жолда бұзылған көліктен 5 ер адамды алып шықты.  

Абай облысындағы автожолда 5 адам құтқарылды Фото: gov.kz

6 наурыз күні "112" пультіне "Семей-Өскемен" автожолының шамамен 30 шақырымында "Газель" маркалы автокөлік істен шығып, 5 адамды эвакуациялау керектігі туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына Абай облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу барады.

Жолда қалған адамдар Семей қаласына жеткізілген. Құтқарылған адамдарға медициналық көмек қажет болмады.

Абай облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарынан көлікте ақау болған жағдайда елді-мекендерден алыс жерлерге шықпауларын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу