2023 жылғы 28 наурызда Абай облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысына сәйкес осындай шешім қабылданған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.
Абай облысы Бесқарағай ауданы Малая-Владимировка ауылдық округінің Малая-Владимировка және Бозтал ауылындағы бірнеше көшенің атауы қазақшаланады.
"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, 2023 жылғы 28 наурыздағы Абай облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде және М-Владимировка ауылы және Бозтал ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып шештім", делінген құжатта.
Малая-Владимировка ауылдық округінің Малая-Владимировка және Бозтал ауылының келесі көшелерінің атауы өзгереді:
Малая-Владимировка ауылының "Ленин" көшесі "Шәкәрім Құдайбердіұлы" көшесіне;
Малая-Владимировка ауылының "Крупская" көшесі "Әлия Молдағұлова" көшесіне;
Малая-Владимировка ауылының "Киров" көшесі "Аманат" көшесіне;
Малая-Владимировка ауылының "Калинин" көшесі "Достық" көшесіне;
Малая-Владимировка ауылының "1Май" көшесі "Ақсу" көшесіне;
Бозтал ауылының "Ленин" көшесі "Дінмұхамед Қонаев" көшесіне;
Бозтал ауылының "Атау жоқ" көшесі "Атамұра" көшесіне;
Бозтал ауылының "Атау жоқ" көшесі "Ыбырай Алтынсарин" көшесіне;
Бозтал ауылының "Атау жоқ" көшесі "Бауыржан Момышұлы" көшесіне;
Бозтал ауылының "Атау жоқ" көшесі "Мәншүк Мәметова" көшесіне;
Бозтал ауылының "Атау жоқ" көшесі "Роза Бағланова" көшесіне.
"Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын. Шешім ресми алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", – деді округ әкімі С. Асылханова.
Құжат 2023 жылдың 25 тамызына дейін қоғам талқылауында болады.