Абай облысындағы Ертіс өзенінің деңгейі көтеріледі

192

Құтқарушылар аймақ тұрғындарына ескерту жасады.

Абай облысындағы Ертіс өзенінің деңгейі көтеріледі Фото: Semey News

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Шүлбі су қоймасына ағынның ұлғаюына байланысты Ертіс өзеніндегі су деңгейі көтеріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"14 тамыздан бастап Шүлбі СЭС-тен Ертіс өзеніне су ағызу көлемі 860 м3/с дейін ұлғайтылады. Осыдан кейін өзенде су деңгейі көтеріліп, ағын күшейіп, су температурасы төмендейді. Бұл жағалауда немесе судың жанында демалып жатқан халыққа қауіп төндіруі мүмкін", – делінген ақпаратта. 

Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарға жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайтынын, ағыны қатты суға түспеуді, балаларды судың жанында үнемі бақылап жүруді ескертті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу