Абай облысындағы орман өрті толығымен сөндірілді

352

Өртенген учаскенің ауданы 60 000 га құрады.

Абай облысындағы орман өрті толығымен сөндірілді Фото: ҚР ТЖМ

"Семей Орманы" МОТР ақпараты бойынша бүгін сағат 13-00-де Абай облысы Бородулиха ауданындағы орман өрті толығымен сөндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тартылған күштер мен құралдардың көмегімен бұл өрт 14 маусымда сағат 21:00-де оқшауланды. 

Бұған дейін айтылғандай, өрт оқшауланып, ТЖМ күштері мен құралдары тұрақты жұмыс орындарына кеткен сәттен бастап оқиға орнында қайта өртену мүмкіндігін болдырмау мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт станциялары кезекшілік (қарауылдау) ұйымдастырды. Өрттің бүкіл периметрі бойынша патрульдеу жүргізілді.

Өрт көлемінің одан әрі ұлғаймай, таралуы тоқтағаннан кейін ғана оның оқшаулануы хабарланатынын атап өткен жөн.

Бұл ретте, өрттің қайта жануына жол бермеу бойынша шаралар қабылданып, оның жануы тоқтаған кезде өрт сөндірілді деп есептеледі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу