Абай облысындағы өрт 1,5 мың га алаңға жайылды

477

Осы уақытта Абай облысындағы 3 учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Абай облысындағы өрт 1,5 мың га алаңға жайылды Фото: ҚР ТЖМ

 

Өрттің таралуы толығымен тоқтатылды, өрт сөндіру оттықтың ішіндегі жекелеген ошақтарда жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желдің күшеюіне байланысты тұзды көл ауданындағы үшінші учаскеде өрт төменнен жоғарыға ауысты. Өртті сөндіру үшін 20 бірлік техника, жеке құрамнан 64 адам жұмылдырылды.

Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы 1500 га құрайды.

Березовка санаторийі (108 адам, 36 үй), Березовка подхозы (169 адам, 53 үй) елдімекендеріне қауіп төнуде.  Өрт орнына дейінгі қашықтық шамамен 5-7 км. Ол жерге 4 бірлік техника бағытталды.

Орман өртін сөндіруге барлығы 100 бірлік техника (оның ішінде 1 өрт поезы) және 2 тікұшақ, сондай - ақ 402 адам ("Семей Орманы" МОТР-66 бірлік техникасыя, 231 адамы, ТЖМ 28 бірлік техникасы, 1 тікұшағы, 144 адамы, ҚТЖ 1 өрт поезы, 10 адамы, ЖАО 5 бірлік техникасы, 7 адамы, Қазавиаорманқорғаудың 1 тікұшағы, 6 адам экипажы, 1 УАЗ, 4 адам) жұмылдырылды.

Сондай-ақ, орман өртін "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-873 және "Қазавиақұтқару" су ағызу құрылғысы бар МИ-8 тікұшақтары сөндіруде. Қазіргі уақытта 59 рет су ағызылды (157,5 тонна.).

ТЖМ-де және Департаменттің дағдарыс орталығында, сондай-ақ жергілікті жерде жедел штабтар ұйымдастырылды. Жедел желі телефондары жұмыс істеуде.

"Қазгидромет" деректері бойынша 24-26 мамырда Абай облысының Бородулиха ауданында екпіні 15-20 м/с дейін болатын солтүстік-шығысқа бағытталған жел күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу