Өртті сөндіру төрт учаскеде: Поднебесное, Шүлбі кентінде, Жерновка селосында және Каштак орманында жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта елді мекендерге тікелей қауіп төніп тұрған жоқ.
Өртке қарсы үзілістер мен минералданған жолақтар жасау жұмыстары жалғасуда. Өрт ошақтары мен жиектерін периметрі бойынша су шашу, өрттің жиегін топырақпен жабу және толтыру жұмыстары жүріп жатыр.
"Таңертеңгі аэровизуалды тексеру нәтижелері бойынша жедел сөндіруге арналған күштер мен ресурстар Каштак орманында шоғырланған. Жедел іс-қимылдар мен өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында өрттің одан әрі таралуын тежеуге мүмкіндік туды. Тікұшақтардан алынған жедел кадрлар өрт майданындағы жағдайды бақылауға және су құю жұмыстарын тиімді басқаруға көмектеседі. Бүгін таңғы 6:00-ден бастап жалпы көлемі 640 тонна болатын 214 су төгілді. Өрт басталғаннан бері 6000 тоннадан астам су жұмсалды", делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта жедел желі бойынша 188 өтініш келіп түсті. ТЖМ және ТЖД жедел желісінің нөмірлері: 8 (7172) 53 32 84, 8 (7222) 35 38 31.