Абай облысындағы өрт: Даниал Ахметовтің қызметі тексеріле ме?

601

Жаңа облыстың ШҚО-дан бөлінгеніне биыл бір жыл толды.

Абай облысындағы өрт: Даниал Ахметовтің қызметі тексеріле ме? Фото: google.com

Семей орманындағы өртке қатысты ШҚО-ның әкімі Даниал Ахметовтің қызметі тексеріле ме? Осыған қатысты Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр пікір білдірді.

"Семей орманы" резерваты Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарайды. Бұл аталған ведомствоның құрылымдық бөлімшесі", - деді ол Үкімет кулуарында. 

Тілшілер Роман Склярдан "Экология министрі Зүлфия Сүлейменова өрт басталған күні Абай облысына аттанбай, форумдарда неге тайраңдап жүрді?" деп сұрады. 

"Өрт форум өткен күні басталды. Өрттің ауқымы дұрыс бағаланбады. Сол күні секундына 25 метрге дейін екпінді жел мен +38 градус температура болды. Тілсіз жау тез жайылды", - деп жауап берді Роман Скляр.

Еске салайық, ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің өкілеттігі 15 маусымда аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу