Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдерімен өткізген баспаөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"Мемлекет басшысы, сыртқы істер министрі әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті. Түркия мен Өзбекстан Абай облысындағы өртті сөндіруге көмектесуге дайын екенін білдірді", - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Сондай-ақ, ол мемлекеттердің басқа елдерден қандай жағдайда көмек сұрай алатынын айтты.
"Егер апат ауқымды болса, оның зардаптарын жоюға мемлекеттің шамасы жетпесе, басқа елдерден көмек сұрауға мәжбүр болады. Әзірге ондай көмек сұрап жатқан жоқпыз. Дегенмен, бұл елдер көмектесуге дайын екенін білдірді", деді А.Смадияров.