Абай облысындағы өрт: Қазіргі ахуал қандай?

449

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов оқиға орнынан өрт сөндіру жұмыстарын үйлестіруде.

Абай облысындағы өрт: Қазіргі ахуал қандай? Фото: akorda.kz

Қазіргі уақытта Абай облысында өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Елді мекендерге қауіп жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 800-ден астам адам, 350-ге жуық бірлік техника жұмылдырылған.

"Пилотсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып, аэровизуалды барлау нәтижелері бойынша өрт Каштак орманшылығынан Семей қаласына қарай бағыт алып,  жоғары өрбігені байқалады. Жедел іс-қимылдар мен уақтылы қабылданған шаралардың арқасында өрттің елді мекендерге таралуына жол берілген жоқ", делінген хабарламада.

Сонымен қатар, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына әуеден су төгуді жүзеге асыру үшін тікұшақтар тартылды. Өткен тәулікте өрт ошақтарына әуеден 546  рет су төгілді, жалпы көлемі 1 500-ден астам тоннаны құрайды. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 1 323 рет су төгілді, жалпы көлемі 4000-ға жуық тоннаны құрайды.

Қазіргі уақытқа дейін жедел желіге 150 қоңырау түсті. ТЖД жедел желі телефоны: 8 722 235 38 31.

"Қазгидромет" АҚ деректері бойынша 14 маусым күні: қысқа мерзімді жаңбыр (жаңбырдың ықтималдығы 60%), найзағай, дауыл, солтүстік-шығыс жел секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метрге дейін болады деп күтілуде. Түнде ауа температурасы +5+100С, күндіз +18+23 0С.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу