Абай облысындағы өрт: Юрий Ильин куәгер ретінде тергеліп жатыр

383

Семей орманындағы алапат өртке қатысты Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалған.

Абай облысындағы өрт: Юрий Ильин куәгер ретінде тергеліп жатыр Фото: inbusiness.kz

Бас прокурор Берік Асылов бұрынғы Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің Абай облысындағы орман өртіне қатысты куәгер ретінде тергеліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында журналист Бас прокуратура жүргізіп жатқан тергеу ісінде Юрий Ильин мырзаның "мәртебесі қандай?" - деп сұрады.

Берік Асыловтың айтуынша, аталмыш тергеуде экс-министр Юрий Ильиннің мәртебесі айқындалмаған.

"Жай ғана куәгер ретінде тергеді, болды. Яғни, оның ешқандай мәртебесі жоқ – куәгер ретінде ғана тергелді. Қазір тергеу жүріп жатыр", - деді Бас прокурор.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу