Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың туыстары ұшақпен тегін ұшады

457

FlyArystan әуекомпаниясы Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсететінін мәлімдеді.

Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың туыстары ұшақпен тегін ұшады Фото: Vlast.kz

Қаза тапқандардың отбасыларына 2023 жылдың соңына дейін Семей қаласынан Астана, Алматы, Шымкент қалаларына және кері тегін ұшуға мүмкіндік беріледі, деп жазады inbusiness.kz.

Өртті жоюға қатысқан өрт сөндірушілерге бір реттік тегін рейстер ұсынылды

"Авиакомпания Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан гуманитарлық жүктерді тасымалдауға жәрдемдесуге дайын", - делінген әуекомпанияның Telegram-арнасындағы хабарламада.

Қаза тапқандардың, сондай-ақ өртті жоюға қатысатын өрт сөндірушілердің және гуманитарлық жүк жинайтын еріктілердің отбасылары help@flyarystan.com электронды поштасы арқылы хабарласа алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу