11 маусым күні кешке Абай облысында орман өртін сөндіру кезінде Қарағандыдан келген арнайы көлік өртеніп кетті, деп жазады inbusiness.kz vechernaya_karaganda порталына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, Талица ауылының маңында Камаз-43118 маркалы өрт сөндіру автокөлігі өртенген. Жеке құрамның құтқарушылары зардап шеккен жоқ.
Айта кетейік, Абай облысындағы өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1 500-ге жуық адам, 300 астам техника жұмылдырылған. Бұдан бөлек 14 тікұшақ тартылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу