Қазіргі уақытта 180-нен астам волонтер, 60-қа жуық волонтер тобы ауысыммен жұмыс істеуде. 24/7 режимде жұмыс істеп жатқан өрт сөндірушілермен қатар, волонтерлер де ауысыммен үздіксіз жұмыс істеуде, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі kz_nvs парақшасына сілтеме жасап.
Волонтерлер азық-түлік сатып алумен, буып-түюмен, тамақ дайындаумен айналысуда. Үш штабта қажетті көмек көрсетуде. Автоволонтерлер болса, азық-түлік және басқа да қажетті заттарды жеткізумен айналысып жатыр. Орманда жүріп-тұруға рұқсаты бар волонтерлерлер де бар. Олар күзет пунктіне дейін заттарды жеткізе алады.
"Біздің желінің мүшелеріне өз тарапымыздан консультативтік көмек және қаражат жинаудамыз. Екі күн ішінде тұрғындарымыз 14 789 129,63 теңге ақша қаражатын жинады. Бұл қаражаттар мақсатты түрде нақты орын алып жатқан аймақ тұрғындарының қажеттіліктерге бағытталады. Мысалы: бензин алу, азық-түлікпен қамтамасыз ету және басқа да орындарда қажетті заттар. Оның ішінде тұрғындарды бетперделермен қамтамасыз ету", - деп жазады kz_nvs.
Бір тәулікте ауыз суымен, 400 кг қой және құс етімен, 600 кг көкөніспен (картоп, сәбіз, пияз), 100 литр өсімдік майымен тұрғындар қамтамасыз етілді. Шаруа қожалықтарының басшылары азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін екі көлікті жұмыс істеуге бөлді.
"Осындай кездерде біз бірге болуымыз керек! Бізді жеке көзқарастар, кейбір өкініштер, пікірлеріміз бөлмеуі керек. Оның барлығы ұмытылуы қажет. Біздің тағдырымыз бір! Біз бұл уақытты бірге көтеруіміз керек", - деді Семейдегі белсенді волонтердің бірі Евгения Павел.