Абай облысындағы өрттің шығыны қалай есептеледі? – министр жауабы

518

Бұл сұраққа Үкімет отырысынан кейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді.

Абай облысындағы өрттің шығыны қалай есептеледі? – министр жауабы Фото: google.com

Абай облысындағы өрттің шығыны бойынша арнайы комиссия барлығын есептеп, тиісті шешім қабылдайтын болады.

"Әртүрлі шығын болады. Ол жерде үйдің шығыны немесе малдың шығыны болуы мүмкін. Бәрін есептеп, шешім қабылдаймыз. Егер де қажет болса, Үкімет резерві мен жергілікті атқарушы органдардың резерві бар. Сондай-ақ  ірі кәсіпорындардың бар екенін атап өткен жөн", - деді министр.

Тілшілер министрден орман өртінен зардап шеккендерге көмек халықтың есебінен ғана бөліне ме деп сұрады.

"Тек халықтың есебінен ғана емес, кәсіпкерлер бар және түрлі саладағы қызметкерлердің есебінен бөлінеді. Ал жалпы мемлекеттен тиісті қаражат бөлінетін болады", - деді ол Үкімет кулуарында.

Бұдан бөлек оған Төтенше жағдайлар министрлігінде қаражаттың игерілмеуі тіркелді ме деген сауал да қойылды. 

Ведомство басшысының сөзінше, қаржыны игермеу деректері кез келген сала бойынша тіркелуде. 

"Мұны арнайы комиссия анықтауы қажет. Оның неге игерілмегенін, тиісті техника жетіспегенін анықтауы керек. Өйткені тек қана "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватына" 6 млрд теңге қаражат қарастырылған болатын. Комиссия қандай олқылық кеткенін сараптауы тиіс", -деп жауап берді министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу