Абай облысындағы шахта апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

167

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Абай облысындағы шахта апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды Фото: Pixabay.com

Абай облысындағы Орлов шахтасында болған қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абайсыздықтан адам өліміне әкелген тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздік ережелерін бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта орын алған жағдайдың себептері анықталып жатыр, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, тергеп-тексеру өңірдің полиция департаментінің бақылауына алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу