Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда боран мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты жолдардың бірі жабылады.
– Облыстық маңызы бар "Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха" тасжолының 72-87 шақырымында (Шемонаиха қаласынан Абай облысы шекарасына дейінгі аумақ) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылады. Сондықтан жүргізушілерді бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына жолдардың жай-күйін "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы біліп отыруға шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу