Абай облысындағы тілсіз жау күшеюі мүмкін бе?

511

Бұл сұраққа Үкімет кулуарында Төтенше жағдайлар министрінің м.а. Ибрагим Күлшімбаев жауап берді.

Абай облысындағы тілсіз жау күшеюі мүмкін бе? Фото: ҚР ТЖМ

Абай облысындағы өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Журналист ведомство басшысынан "Абай облысындағы өрт күшейеді деген болжам бар ма?" деген сұраққа жауап берді. 

"Дала өрті әрдайым өте қиын. Климаттық жағдайларды да ескеру керек. Желдің қарқыны секундына 15 метрге дейін құрап, күндізгі температура +25 және +26 градусты көрсетіп отыр. Бұдан бөлек құрғақ ауа райы өрттің дамуына әсер етеді. Жер бедері де өте күрделі, сондықтан өртті сөндіру ұзаққа созылып жатыр. Тілсіз жауды үшінші күн қатарынан сөндіріп жатырмыз. Бірақ бүгінде жағдай бақылауға алынды. Өрттің жалпы ауданы 3,5 мың гектарды құрайды", - деді ТЖМ өкілі.

Ибрагим Күлшімбаев өрттің алғашқы күндері үш елдімекенге қауіп төнгенін, алайда бүгінде қауіп жоқ екенін атап өтті. 

"Алдын ала жергілікті атқарушы органдар мен полиция органының қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялады. Олардың мүлкі қорғалған, жағдай тұрақталғаннан кейін халық үйлеріне оралады", - деп түйіндеді ол.

Еске салайық, осыған дейін  Абай облысы Бородулиха ауданында төтенше жағдай режимі жарияланатынын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу